Accessibility links

Үкімет 2015 жылға экономикалық жоспарын жариялады


Бес мың және он мыңдық теңге купюралары (Көрнекі сурет)
Бес мың және он мыңдық теңге купюралары (Көрнекі сурет)

Үкімет пен ұлттық банк Қазақстан экономикасын дамыту үшін "2015 жылға арналған негізі экономикалық бағыттар" туралы мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде Украинадағы дағдарыс пен Ресейдің Қырымды өз қарамағына қосуынан елде экспорт пен импорт азайғаны айтылған. Бірақ, үкіметтің мәлімдеуінше, Қазақстанның экономикалық өсуі 11 айдың ішінде 4,2 пайызды құраған.

Үкімет пен ұлттық банк жаңа жылда дағдарыстың алдын алып, доллардың теңгеге шаққан бағамын ұстап тұруға арналған шаралар ұйымдастыратынын жариялады. ​

Сондай-ақ мәлімдедемеде алдағы уақытта салымшылардың депозиттері бойынша кепілді төлемдерінің құнын 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге көтеруді де жоспарлағаны айтылған.

Үкімет тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлемдерін "шартты бірлікпен" өлшеуге де тыйым салу жағын да қарастырып жатқанын айтады. Қазақстандағы жеке және коммерциялық жарнамаларда "шартты бірлік" ретінде доллар көрсетіледі.

XS
SM
MD
LG