Accessibility links

Сент-Луисте жаңа қақтығыс болды


Наразылар полицияның қара нәсілді жасөспірім Майкл Барунды атып тастағанына наразылық акциясын өткізіп жатыр. Сент-Луис, АҚШ, 25 қараша 2014 жыл.
Наразылар полицияның қара нәсілді жасөспірім Майкл Барунды атып тастағанына наразылық акциясын өткізіп жатыр. Сент-Луис, АҚШ, 25 қараша 2014 жыл.

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында полицейдің қара нәсілді жасөспірімді атып тастағанынан кейін басталған демонстрация полициямен қақтығысқа ұласты.

Полицияның мәлімдеуінше, офицер 18 жастағы қара нәсілді азамат өзіне тапанша кезенгендіктен өзін-өзі қорғау үшін қару қолдануға мәжбүр болған. Бірақ қаза тапқан жасөспірімнің анасы ұлында қару болмағанын айтады. Бұл оқиғадан соң, желтоқсанның 23-і күні басталған ақция жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

Желтоқсанның 21-інде Нью-Йоркте екі полицейді өлтіріп кеткен. Полицейлерді атқан адам Facebook-те таяуда Нью-Йорк пен Сент-Луис қалаларында қарусыз жүрген қара нәсілді азаматтардың қазасына кек алмақ болғанын мәлімдеді.

Тамыз айында полицей қара нәсілді америкалық Майкл Браунды атып тастаған. Бұдан соң полицияның әрекетіне жаппай қарсылық акциялары басталып, демонстранттар полицияны "қара нәсілділерді кемсітеді" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG