Accessibility links

Рим Папасы Рождество үндеуін жариялады


Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск "әлемге жылылық пен бауырмалдық қажет" деп мәлімдеп, адамдарды жақындары мен туыстарына барынша жанашырлық танытуға шақырды.

Ғайса пайғамбардың туған күні Рождество қарсаңында, яғни желтоқсанның 24-і күні өтетін діни мереке - месса кезінде әлемдегі 1,1 миллиард католикке арналған үндеуінде "менмен, өркөкірек және айналасына жабық" барлық адамды өмірді "мойынсұнушылықпен және қайырымдылықпен" қабылдауға шақырды.

78 жастағы понтифик күрдтердің Арбил қаласы маңындағы Анкава лагерінде тұрып жатқан босқындарына телефон арқылы қайырылып, оларды қашып, бас сауғалауға мәжбүр болған Ғайса пайғамбарға теңеді. "Мен сіздерге батамды берем және сіздердің қастарыңыздамын" деді Франциск.

Босқындарға арналған Анкава лагерінде негізінен радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан бас сауғалап қашқан христиандар тұрады.

XS
SM
MD
LG