Accessibility links

Путин: Үкімет арақ бағасын қымбаттатуды тоқтатсын


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин үкіметке экономикалық дағдарыс жағдайында арақ бағасының қымбаттауын тоқтатуды тапсырды.

Желтоқсанның 24-і күні үкімет мүшелері мен губернаторлармен өткізген жиында сөйлеген Путин арақ бағасының жоғары болуы елде "заңсыз әрі қауіпті алкоголь өндірісінің көркеюіне жол ашады" деді.

Ресей экономикасы қазір мұнай бағасының арзандауы мен батыс елдерінің санкциялары әсерінен 1998 жылдан бері болмаған дағдарысқа ұшырап отыр. Болжам бойынша, биылғы жылғы инфляция деңгейі 10 пайызға дейін жетеді.

Reuters агентігінің хабарлауынша, зерттеу қорытындылары өткен жылы Ресейдегі ерлердің төрттен бірі 50 мен 60 жастың ортасында қайтыс болғанын және олардың кейбірінің ерте өлуіне алкоголь себеп болғанын көрсеткен.

Reuters-тің дерегіне қарағанда, үкімет реттейтін 0,5 литрлік бір шиша арақтың бағасы өткен жылдан бері шамамен 30 пайызға (220 рубль немесе 4,10 АҚШ доллары) қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG