Accessibility links

Қазақстан Украинаға екі кеніштен көмір бермек


Көмір шахтасы. (Көрнекі сурет).
Көмір шахтасы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан Украинаға көмірді Қарағанды және Екібастұз кеніштерінен тасымалдайды деп хабарлады Украина сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Киевке сапарында Украинаға көмір тасымалдауға келісім жасалғаны хабарланған.

Украина сыртқы істер министрлігі "Мемлекет басшыларының келіссөзі нәтижесінде Украинаның мұқтаждығына Қарағанды мен Екібастұз бассейндерінен көмір тасымалдауға келісім жасалды" деген.

Украина елдің шығысындағы қақтығыстардан Донбасстағы көмір шахталарынының көпшілігінен айырылған. Украина көмірді негізінен электр энергиясын өндіруде қолданады.

Украинада желтоқсанның 1-інен бастап электр қуаты жиі өшіріледі. Электр қуатының көбін Украинадан алатын Қырымда да электр желтоқсанның 23-інен бастап уақытша өше бастады.

XS
SM
MD
LG