Accessibility links

"Әділ сөз": Adam bol сотында заң бұзылды


"Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева.

"Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева.

Қазақстандық "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әсел Әбішеваның желтоқсанның 24-інде шығарған, оппозициялық Adam bol журналын жабу туралы шешімі процессуалдық талаптарды бұзды деп санайды.

"Азаматтық процессуалдық кодекс баптары бойынша, процеске қатысушыларға судьяға қарсылық білдірген өтінішті қарау мерзімі хабарлануы керек. Судьяға қарсылық білдірген өтінішті басқа судья қарайды, егер ол өтінішті қанағаттандырмаса онда әуелгі қарсылық білдірілген судья сот процесіне қайта оралып, жаңа сот отырысы мерзімін хабарлауы тиіс" делінген "Әділ сөз" ұйымы ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Кеше, желтоқсанның 24-і күні түнге қарай Медеу аудандық соты Adam bol журналын жабуға шешім шығарған. Әуелде журнал өкілдері судья Әсел Әбішеваға "дәйектерімізді тыңдамады" деп қарсылық білдірген. Бірақ Әсел Әбішева өзіне қарсы өтініш қанағаттандырылмағандықтан жауапкер жақ - журнал өкілдері кетіп қалған сот залына қайта оралып, шешімін жариялаған.

Алматы қаласының әкімдігі 28 тамызда журналға басылған, Киевте тұратын қазақстандық саяси эммигрант Айдос Садықовтың сұхбатында соғысқа шақыру белгілері бар деп шағымданған еді.

Adam bol журналының өкілдері мен жақтастары істің саяси астары бар деп санайды. Билік өкілдері ешқандай саяси астар жоқ екенін айтады.

XS
SM
MD
LG