Accessibility links

Назарбаев: Портретім емес, жетістіктер ілінсін


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Астанада өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпірде сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыстарды әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерді насихаттауға шақырды.

"Қазақстан экономикасының өсімін 6 пайызға жеткіземіз десек, жыл сайын 10 мың жұмыс орнын ашып отыруымыз керек. Барлық облыс орталықтарына кіре берісте менің портретім емес, өткен жылда, өткен айда және өткен тоқсанда қанша жұмыс орны ашылғаны туралы таблолар ілінуі тиіс. Ақпарат құралдары да осыны көрсетіп отырсын" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президент еңбегі үшін берілетін үш дәрежелі арнайы атақ тағайындағанын да хабарлады. "Бұл сыйлық тек жұмысшылар мен шаруаларға ғана беріледі және оны алғандар еңбек еріне теңестіріледі" деді президент Назарбаев.

XS
SM
MD
LG