Accessibility links

Назарбаев: Украина дағдарысынан сабақ алу қажет


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуде. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуде. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар Украинадағы қақтығыстан сабақ алуы тиіс деп мәлімдеді. Бұл жайында президент Астанада өткен телекөпір кезінде айтты.

"Мен таяуда ғана Украинаға жұмыс сапармен барып қайттым. Тұрғындар қарапайым нәрсенің өзіне мұқтаж. Электр жарығы жоқ, зауыт-фабрикалар жабылып, бизнес күйреп жатыр. Саясаткерлер ондаған жылда бойы үздіксіз егесіп жатыр. Сіздер қарапайым адам үйінен шығып, қолына күрес ұстап соғысқа аттанды деп ойлайсыздар ма? Мүлдем олай емес! Саясаткерлер оларды бауырларын өлтіруге айдап салып отыр. Ондай саясаткерлерді дер кезінде, халықтың қамы үшін демократия деп ешқандай шу көтермей-ақ тоқтату қажет" деген Назарбаев.

Президенттің пікірінше, қазақстандықтар тұрақтылықты бағалап, оны қорғауы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға желтоқсанның 22-сінде барған. Мұнда ол Украина президенті Петр Порошенкомен және премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездесіп, оның қорытындысында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты арттыру және Қазақстаннан Украинаға көмір тасымалдау туралы келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG