Accessibility links

Иран ауқымды әскери жаттығу бастады


Иранның жер-әуе санатты S-200 зымыраны Тегерандағы әскери парад кезінде. Сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Иранның жер-әуе санатты S-200 зымыраны Тегерандағы әскери парад кезінде. Сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Иран армиясы бүгін елдің оңтүстігінде жеті күндік ауқымды әскери жаттығу бастады.

Иран құрлықтағы қарулы күштерінің генералы Ахмад Реза Пурдастанның желтоқсанның 25-інде мемлекеттік телеарнадан хабарлауынша, жаттығу "ирандық жас сарбаздарға тәжірибе үйрету үшін" өткізіліп отыр.

Стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазына жақын маңда өтіп жатқан "Мұхаммед - Алланың елшісі" деп аталатын әскери жаттығуға құрлықтағы әскер, теңіз қарулы күштері мен әскери-әуе күштері қатыспақ.

Иран әскерилері жаттығуға Ислам революциясын қорғау корпусы мен әскериленген Басидж милиция бөлімдері де қатысып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG