Accessibility links

АҚШ: Иордания ұшағын ИМ атқан жоқ


"Ислам мемлекеті" тұтқындады деген иорданиялық ұшқыштың туысқандары Ракка қаласының маңында тұр. 24 желтоқсан 2014 жыл.
"Ислам мемлекеті" тұтқындады деген иорданиялық ұшқыштың туысқандары Ракка қаласының маңында тұр. 24 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ Сирияда құлаған Иордания ұшағын "Ислам мемлекетінің" (ИМ) содырлары атқан жоқ деген мәлімдеме таратты. Алайда АҚШ әскерилері ұшақтың неден құлағаны туралы айтпады.

24 желтоқсанда Сириядағы Ракка қаласының маңында F-16 ұшағы құлаған. Ұшқышты - 26 жастағы Муаз ал-Касасба есімді Иордания азаматын "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары тұтқындағаны туралы ақпарат тарады. Ұйым ұшқыш пен содырлар тұрған фотоны интернеттегі парақшаларында жариялады.

Бұл - АҚШ бастаған коалиция күштеріне тиесілі ұшақтың Сирияда алғаш рет апатқа ұшырауы. Осыған дейін "Ислам мемлекеті" Сирия мен Иракқа тиесілі ұшақтарды атып түсірген.

XS
SM
MD
LG