Accessibility links

Киев пен сепаратистер тұтқын алмасуға келісті


Украина шығысындағы Донецк облысында жүрген ресейшіл сепаратистер. 8 желтоқсан 2014 жыл.

Украина шығысындағы Донецк облысында жүрген ресейшіл сепаратистер. 8 желтоқсан 2014 жыл.

Киев пен Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер тұтқын алмасу туралы келісім жасасты. Желтоқсанның 24-і күні Минскіде өткен келіссөзде ұзақ мерзімді бітім орнату жайы талқыланды. Келіссөзге украин билігі, Ресей, сепаратистер өкілдері және ЕҚЫҰ бақылаушылары қатысты.

Украин арнайы қызметінің кеңесшісі Маркиян Любкивскийдің мәлімдеуінше, келіссөзде нақты қол жеткен нәрсе - 150 украин сарбазы мен 225 сепаратисті айырбастау туралы уағадаластық болған. Тұтқын алмасу туралы келісім жасалғанын сепаратистер жетекшілері Александр Захарченко мен Игорь Плотнитский де растады.

Келіссөз желтоқсанның 26-сы күні де жалғасады.

XS
SM
MD
LG