Accessibility links

Рим Папасы Таяу Шығыстағы діни азшылыққа қысымды айыптады


Рим Папасы Франциск Рождестов мерекесіне орай жыл сайынғы жолдауын оқып тұр. Ватикан, 25 желтоқсан 2014 жыл.

Рим Папасы Франциск Рождестов мерекесіне орай жыл сайынғы жолдауын оқып тұр. Ватикан, 25 желтоқсан 2014 жыл.

Рим Папасы Франциск Таяу Шығыс аймағында биыл болған "аяусыз" діни қуғын-сүргінді қатаң айыптап, әлемдегі қақтығыс аймақтарында соғысып жатқандарды бейбітшілікке шақырды.

Ватиканда Рождество мерекесіне орай оқыған жолдауында 78 жастағы Франциск бұған қоса Пәкістанда өткен аптада содырлардың мектепке шабуыл жасап, 142 оқушыны қырып тастағанын айтып, "балаларға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

"Шын мәнінде биылғы Рождествода адамдардың көз жасы көп төгілді" деген Рим Папасы Ирак, Сирия, Израиль мен Палестина территорияларындағы, Украина мен Ливиядағы және Оңтүстік Судандағы қақтығыстарды тізіп шықты.

Ол бұған қоса балаларға дұрыс қарым-қатынастың жоқтығына, әйелдерге түсік тастату мен Батыс Африкада Эбола індетінен мыңдаған адамның көз жұмғанына өкініш білдірді.

XS
SM
MD
LG