Accessibility links

Геннадий Головкин жылдың үздік боксшысы атанды


Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Назарбаев университетінде жанкүйерлерімен кездеуде. Астана, 22 қараша 2014 жыл.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Назарбаев университетінде жанкүйерлерімен кездеуде. Астана, 22 қараша 2014 жыл.

Бокстан WBA/IBF/WBC версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинді америкалық World Boxing News журналы оқырмандары жыл боксшысы деп таныды.

Оқырмандар арасында жүргізілген "2014 жылдың ең үздік боксшысы кім?" деген сауалнамада Головкин WBA/IBF/WBC версиялары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко мен WBO версиясы бойынша жартылай орташа салмақтағы әлем чемпионы Мэнни Пакьяодан көп дауыс жинаған.

32 жастағы Геннадий Головкин 2014 жылы кәсіпқой рингте үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде қысқа уақытта де жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG