Accessibility links

Обама: Ауғанстандағы әскери миссия аяқталды


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Америка әскерінің Ауғанстанда он жылдан астам уақытқа созылған миссиясы аяқталғанын мәлімдеді.

Желтоқсанның 25-інде Рождество мерекесіне орай Гавайдағы теңіз жаяу әскері базасында сөйлеген Обама америкалық сарбаздар "өздерін құрбан ету арқылы" 2001 жылы 11-қыркүйектегі терактіден кейін "әлемнің барынша көркейіп, гүлденуіне үлес қосты" деді.

"АҚШ қарулы күштерінде қызмет ететін ерлер мен әйелдердің ерен еңбегі арқасында Ауғанстан мемлекет деңгейіне қайта көтерілді. Біз қауіпсізбіз. Бұл ел енді террористік шабуылдардың ошағы емес" деген Обама.

АҚШ пен НАТО осы жыл соңына дейін Ауғанстаннан негізгі әскерінің көпшілігін шығарып әкетуді аяқтайды. Ауғанстанда әскер мен қауіпсіздік күштерін дайындау үшін 13 мың 500 шетел әскері ғана қалмақ.

XS
SM
MD
LG