Accessibility links

Азаттықтың Баку бюросын тінтіп жатыр


Азаттықтың Әзербайжан қызметі сайтының логотипі. (Көрнекі сурет).
Азаттықтың Әзербайжан қызметі сайтының логотипі. (Көрнекі сурет).

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің Бакудегі бюросы кеңсесін прокуратура өкілдері тінтіп жатыр.

Баку бюросындағы журналист Натик Зейналовтың хабарлауынша, кеңсеге кірген прокуратура өкілдері қызметкерлерге орындарынан қозғалмауды және кеңседен шықпауды талап еткен. Олар журналистер өздерімен бірге шыққан соң кеңсеге мөр басылып, жабылатынын айтқан. Прокуратура өкілдері қолдарында бюро кеңсесін жабу туралы "сот шешімі барын" мәлімдеген.

Прокуратура өкілдері сайт сервері мен администратор отыратын бөлмеге кірмек болған.

Әзербайжан билігі АҚШ-тың IREX ұйымының Бакудегі кеңсесіне де осындай себеппен тінту жүргізіп, кейін ұйым Әзербайжандағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.

Азаттықтың Әзербайжан қызметі - халықаралық тәуелсіз Азат Еуропа/Азаттық радиосы редакцияларының бірі. Азат Еуропа/Азаттық радиосы Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыста 22 тілде хабар таратады.

XS
SM
MD
LG