Accessibility links

Қытайда жоғары жылдамдықтағы теміржол желісі ашылды


Қытайдағы желіде тұрған жоғары жылдамдықтағы пойыздар. (Көрнекі сурет).

Қытайдағы желіде тұрған жоғары жылдамдықтағы пойыздар. (Көрнекі сурет).

Қытайда солтүстік-батыстағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағының астанасы Үрімжі қаласы мен көршілес Ганьсу провинциясын қатынайтын жоғары жылдамдықтағы теміржол желісі іске қосылды.

Қытайдың CCTV телеарнасының хабарлауынша, желтоқсанның 26-сы күні таңертең бір пойыз Ганьсу провинциясының астанасы Ланьчжоудан, екінші пойыз Үрімжіден шыққан.

Шыңжаң теміржол желісінің ұзындығы шамамен 1800 километр болады. Пойыз сағатына 250 километр жылдамдықпен жүреді.

2017 жылы Пекин мен Ланычжоуды жалғайтын тағы бір жоғары жылдамдықтағы теміржол желісі салынып бітеді. Бұл теміржол желісі ашылса, Үрімжі мен Пекин арасындағы жүріс уақыты 41 сағаттан 16 сағатқа қысқарады.

Қытай басшысы Си Цзиньпин бұған дейін Батыс Қытайда елді Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен байланыстыратын теміржол және теңіз жолы маршруттары құрылысын бастау және ашу жоспарын қол қойған.

XS
SM
MD
LG