Accessibility links

Азаттық блог байқауы жеңімпаздарын марапаттады


Жеңімпаздарды марапаттау. Алматы, 26 желтоқсан 2014 жыл.

Жеңімпаздарды марапаттау. Алматы, 26 желтоқсан 2014 жыл.

Азаттық сайты бүгін Алматыдағы бюросында оқырмандар арасында өткізілген "Квартиранттың арманы" блог байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

21 қазан - 30 қараша аралығында өткен байқау қорытындысы бойынша, барлығы 1199 дауыс алған Қолғанат Мұраттың "Көшпенді көшкен түн" блогы - бірінші орын, 807 дауыс иеленген Баубек Жаппасұлының "Жатақхана - өз үйім" блогы - екінші орын, ал 432 дауыс жинаған Есей Жеңісұлы "Пәтер іздеу" блог-өлеңі үшінші орын иеленген.

Азаттықтың орыс тіліндегі сайтындағы байқау қорытындысында оқырмандардың ең көп даусын иеленген Ольга Светлованың "Секрет" блогы - бірінші орын, Әлия Тоқтардың "В роли и арендатора и съемщика квартиры" блогы - екінші орын, Абылайхан Сматуллаұлының "На пути к мечте" блогы үшінші орын алған.

Блогы бірінші орын алған авторларға - Apple iPad, екінші орын алған блог иелеріне - Samsung Galaxy S5 смартфоны, үшінші орын алған блог иелеріне Nano шағын планшеті табысталды.

XS
SM
MD
LG