Accessibility links

Шымкенттегі емханада жарылыс болды


Жарылыс болған емхана. Шымкент, 26 желтоқсан 2014 жыл.

Жарылыс болған емхана. Шымкент, 26 желтоқсан 2014 жыл.

Бүгін Шымкент қаласындағы «Эврика» тіс емханасында жарылыс болып, екі адамды күйік шалды деп хабарлады Азаттық тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаев.

Оның айтуынша, қаладағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан тіс емханасындағы жарылыс түс кезінде болған.

«Жарылыс газ-ауа қоспасының әсерінен болды. Оқиға кезінде тіс емханасының бөлмесінде ауа температурасы жоғарылап, 47 және 37 жастағы екі адамды күйік шалды» дейді Нұрлан Темірбаев.

Ол бір азаматтың денесінің 65 пайызын, екіншісінің 35 пайызын күйік шалғанын, қазір олар ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Жуықта, 20 желтоқсанда Шымкентте екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйде үлкен жарылыс болып, соңы өртке ұласқан еді. Ол оқиғадан бір тұрғын жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG