Accessibility links

Байқоңырдан Ресейдің «Союз-2» зымыраны ұшты


Ресейдің Байқоңырда тұрған "Союз" зымыраны. 21 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Байқоңырда тұрған "Союз" зымыраны. 21 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

26 желтоқсан күні Мәскеу уақытымен 21 сағат 55 минутта Қазақстандағы Ресейдің Байқоңыр айлағынан «Союз-2.1б» зымыран тасығышы жер бетін бақылайтын «Ресурс-П» № 2. аппаратымен ғарышқа ұшты. Бұл туралы Ресейдің федералдық ғарыш агенттігі хабарлады.

Ғарыш аппараты орбитаға шығарылып, басқарыла бастаған. Ол жер бетін жоғары нақтылықпен, 97 және 441 километр ауданды қамти отырып түсіре алады. Бұдан бөлек, аппаратқа кемелер қозғалысын анықтайтын «Нуклон» ғылыми құрылғысы орнатылған.

Мұның алдында ұшырылған «Ресурс-П» № 1 ғарыш аппаратының мәліметтерін Ресей министрліктері, түрлі ведомстволары мен атқарушы биліктің федералдық және аймақтық органдары пайдаланып отыр.


XS
SM
MD
LG