Accessibility links

Қызылорда өңірінде Ботабай ауылына су кірді


Су алған Ботабай ауылы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:19 0:00

ВИДЕО: Су алған Ботабай ауылы.

Кешелі-бүгін Сырдария суы көтеріліп, Қызылорда облысындағы Шиелі ауданына қарасты Ботабай ауылына баратын каналдан елді мекенге су жайылған.

Ботабай ауылы тұрғындары "Сырдария суының 17 желтоқсаннан бастап көтеріле бастағанын" айтады. Аймақтағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Сырдариядан Ботабай ауылына тартылған арнаның бөгеті жырылып, жайылған су ауыл шетіндегі үйлердің ауласына кірген. Кеше ауласын су алған тұрғындар туыстарының үйлеріне көшірілген.

Азаттық тілшісі ауыл тұрғындарының "жергілікті басшылардың төтенше жағдайды жою жұмыстарына көңілдері толмай отырғанын" айтқандарын хабарлады. Тұрғындар "шенеуніктер алдын-ала әрекет жасағанда, мұндай жағдай болмас еді, 19-20 үйді су алды" деген.

Ал Қызыорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Айгүл Нұрманова Азаттық тілшісіне:

- Дария суы көтерілді. Дамбыларды бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Департамент мамандары бір-екі күннен бері сонда. Бес үйдің қорасына су кірді. Олар туыстарының үйіне көшірілді. Су қазір қайтты. Зардап шеккен адам немесе техника жоқ. Қора, үйлер аман - деді.

Айгүл Нұрманованың айтуынша, кеше Шиелі ауданындағы Жуантөбе, Жөлек елді мекендеріне де су жайылу қаупі туған. Алайда қазір бөгеттер қалпына келтіріліп, қауіптің беті қайтарылған.

Ботабай елді мекенінде 180 отбасы, мыңға жуық халық тұрады.

XS
SM
MD
LG