Accessibility links

Пәкістанды өлім жазасын тоқтатуға шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістан билігін өлім жазасына мораторийді қайта жариялауға шақырды. БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дужаррик "Пан Ги Мунның 26 желтоқсан күні Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифке телефон соғып, елде өлім жазасын қолдануды тоқтатуға шақырғанын" мәлімдеді. Шариф Пәкістанда заң сақталатынын айтқан, бірақ өлім жазасына мораторий жариялауға уәде бермеген.

Пәкістан премьер-министрі 16 желтоқсан күні Пешавардағы мектепке "Талибан" содырлары шабуыл жасағаннан кейін өлім жазасына жарияланған мораторийді алып тастаған еді. Сол жолы 151 адам (142 оқушы) қаза тапқан болатын.

Мораторий алынып тасталғаннан кейін бұл елде терроризм айыбымен алты адам өлім жазасына кесілді. Олардың ешқайсысының Пешавардағы шабуылға қатысы болмаған.

Пәкістан ішкі істер министрі Чаудхри Нисар Али Хан 21 желтоқсан күні елде терроризм айыбына қатысты сотталған 500-дей адам бар екенін, олардың жақын апталарда өлім жазасына кесілетінін мәдімдеген еді.

XS
SM
MD
LG