Accessibility links

Байқоңырдан «Протон» ұшты


«Протон» зымыран тасығышы. (Көрнекі сурет)

«Протон» зымыран тасығышы. (Көрнекі сурет)

Ресей федералдық ғарыш агенттігі 28 желтоқсанға ауған түні (Мәскеу уақытымен 00 сағат 37 минутта - ред.) Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан еуропалық «Астра-2Ж» телекоммуникациялық ғарыш аппаратын тиеген «Протон-М» зымыран тасығышы ұшқанын хабарлады.

Агенттік «Астра-2Ж» аппаратының ғарышқа шығарылғанын айтады.

«Астра-2Ж» аппараты тиелген бұл зымыран тасығыш Байқоңыр ғарыш айлағынан бір ай бұрын, 28 қараша күні ұшырылуы тиіс еді. Алайда «Роскосмос» ғарыш агенттігі екі күн қалғанда (26 қараша) зымыран ұшыру кейінге шегерілгенін, «үдету блогының команда беру құрылғысының жұмысында ақау барын», оны ұшыру туралы шешімді мемлекеттік комиссия «ақау жөнделгеннен кейін» шығаратынын хабарлаған еді.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере «Протон-М» зымыран тасығышы апатқа ұшырап, Байқоңыр маңына бірнеше жүз тонна улы отын – гептил төгілген еді. Содан бері Қазақстан белсенділері Ресейден гептил пайдаланатын зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшырмауды талап етіп келеді.

XS
SM
MD
LG