Accessibility links

Грекияда өртенген кемеде 1 адам қаза тапты


Италия билігі Грекияның Корфу аралы маңында өртеніп жатқан Norman Atlantic кемесінде бір адамның қаза тапқанын растады. Кеменің жоғарғы палубасында үш жүздей адам қамалып қалған. Қолайсыз ауа-райы мен күшті жел өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп тұр.

Жолаушыларды эвакуациялауға Грекия, Италия мен Албаниядан кемелер жіберілген. Паромдағы адамдар ұялы телефондары арқылы кеме бортында әйелдер, балалар мен егде кісілер барын хабарлап, телеарнаның тікелей эфирінен көмек сұрап жатыр.

Болжам бойынша, өрт кеменің авто көлікке арналған палубасынан шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG