Accessibility links

Украина: Запорожье АЭС-інде бір реактор ажыратылды


Запорожье атом электр станциясы. (Көрнекі сурет).
Запорожье атом электр станциясы. (Көрнекі сурет).

Украина билігі елдегі ең ірі Запорожье атом электр станциясындағы қуатты алты реакторының бірін ақау шығуына байланысты ажыратып тастады.

АЭС басшылығының хабарлауынша, қалған бес реактор қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және АЭС аумағындағы радиация қалыпты нормадан ауытқымаған.

Желтоқсан айында Запорожье АЭС-інде ақаудан өзге реактор бірнеше күнге ажыратылған еді.

Қуаттылығы 6000 мегаваттқа жететін Запорожье АЭС-і - қуаты жағынан әлемдегі алтыншы, Еуропадағы бірінші атом электр станциясы. Оның реакторлары 1986 жылы ең ірі ядролық апат болған Чернобыль АЭС-індегі реакторлардан өзгеше.

XS
SM
MD
LG