Accessibility links

Малайзия ұшағын іздестіру қайта жалғасты


Малайзияның Air Asia компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).
Малайзияның Air Asia компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).

Малайзиялық Air Asia компаниясының жоғалған жолаушылар ұшағын іздестіру жұмыстары бүгін қайта жалғасты.

Желтоқсанның 29-ы күні таң ата ондаған әскери кеме, тікұшақ пен ұшақтар Airbus-320-200 ұшағы құлауы мүмкін делінген Индонезияның Белитунг аралы маңына аттанды.

Желтоқсанның 28-інде Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Бортында 162 жолаушысы бар ұшақ әуеге көтерілгеннен бір сағаттан кейін Джакартамен байланыс үзілген.

Индонезия вице-президенті Юсуф Калла желтоқсанның 28-інде ұшақ апатқа ұшыраған болуы мүмкін деп ескерткен.

Бұл оқиға Малайзия әуе компанияларына ауыр тиген 2014 жылдың соңында болып отыр. Malaysia Airlines ұлттық компаниясы биыл екі ұшағынан айырылып, біреуі табылмады, екіншісінің жолаушылары қаза тапты. Наурыз айында бортында 239 жолаушысы болған MH370 рейсімен Куала-Лумпурден Пекинге ұшқан жолаушылар лайнері ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Ұшақтан сол күйі хабар жоқ.

Ал шілде айында бортында 298 жолаушысы бар MH17 рейсімен ұшқан жолаушылар лайнері сепаратистер мен Украина үкіметі арасында қақтығыс болып жатқан аймаққа құлады. Жолаушылар түгел қаза тапты. Кейіннен ұшақты "атып түсірген" деген болжам жасалды.

XS
SM
MD
LG