Accessibility links

10 күнде Калачиде ауруханаға түскендер саны 19-ға жетті


Калачи ауылы маңындағы бұрынғы уран кеніші орны. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.
Калачи ауылы маңындағы бұрынғы уран кеніші орны. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Ақмола облысы Есіл ауданының Калачи ауылында соңғы он күннен бері "ұйқы дерті" белгісімен ауруханаға түскендер саны 19 адамға жетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желтоқсанның 27-сі күні Калачиден Есіл аудандық ауруханасына төрт зейнеткер "ұйқы дерті" белгісімен түскен.

Бұған дейін, желтоқсанның 20-сы мен 25-і аралығында "ұйқы дертімен" тағы 15 адам ауруханаға түскен болатын.

Калачи ауылында «ұйқы дертінің» алғашқы белгілері 2013 жылдың наурызында байқала бастаған. Тұрғындардың көпшілігі бастары айналып, ұйқы баса беретініне шағымданған. Бірнеше күннен соң белгісіз ауру белгілері жоғалып, шағымданушылар өздерін қалыпты сезіне бастаған.

2013 жылдың наурызынан бері елуден аса адам өздерінен «ұйқы ауруы» белгілері байқалғанын айтып, шағым жасаған.​

Өткен аптада Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин Калачи мен оған қатар орналасқан Красногорск ауылының тұрғындары 2015-2016 жылдар аралығында басқа жаққа толық көшірілетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG