Accessibility links

Иракта Иран генералы қаза тапты


Иракта қаза тапқан ирандық генерал Хамид Тагхави.
Иракта қаза тапқан ирандық генерал Хамид Тагхави.

Иракта "әскери кеңесші қызметін атқарды" делінген ирандық генерал Хамид Тагхавиді өлтіріп кетті.

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының мәлімдеуінше, Тагхавиді Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Самара қаласында өлтіріп кеткен. Мұнда ол сарбаздар мен еріктілерді даярлауға көмектесіп жүрген. Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, генерал мерген атқан оқтан мерт болған.

Тегеран бұған дейін Иракқа радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресу үшін және Сирияға президент Башар Асад билігімен соғысып жатқан топтарға қарсы тұру үшін кеңесші ретінде офицерлерін жіберетінін мойындаған.

Иран "Ислам мемлекеті" ұйымына әуе соққысын беріп жатқан АҚШ бастаған халықаралық коалиция құрамына кірмейді. Ирактағы Иран әскери миссиясын Ислам революциясы сақшылары корпусының элиталық құрылымдарының бірінің қолбасшысы, генерал Қасым Сулеймани басқарады.

XS
SM
MD
LG