Accessibility links

Ресей Қазақстаннан ет тасымалдау тыйымын жойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Қазақстанның бірнеше облысынан ет тасымалдауға бірнеше жыл бұрын салған тыйымын жойды.

Ауылшаруашылығы министрлігінің желтоқсанның 29-ында хабарлауынша, министрліктің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті бұған дейін Ресейдің Россельхознадзор мекемесінің Қазақстанда аусыл ауруына қатысты ахуал тұрақты деген қорытындысын алған.

Бірнеше жыл бұрын Кеден Одағы аумағында мал өнімдерін тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында буферлік аймақ құрылып, бұл облыстардан Қазақстанның басқа облыстарына және Ресейге мал және ет кіргізуге тыйым салынған еді. Биыл тамызда Шығыс Қазақстан облысынан Ресейге ет тасымалдауға салынған тыйым аланып тасталған.

Қазір Қытаймен және Қырғызстанмен шектес Алматы облысының 5, Жамбыл облысының 4 селолық округін салынған тыйым ғана күшінде қалып, екі облыстың қалған жерлері мен Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысынан ет тасымалдауға салынған тыйым жойылған.

Министрлік мәліметі бойынша, Қазақстан 2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін экспортқа 11 мың 908 тоннадан астам ет және ет өнімдерін шығарған.

XS
SM
MD
LG