Accessibility links

"Қайрат" футзал клубы "Астана" құрамына кірді


"Қайрат" футзал командасының 2013 жылы УЕФА кубогын ұтқан кезі. Тбилиси, Грузия, 28 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
"Қайрат" футзал командасының 2013 жылы УЕФА кубогын ұтқан кезі. Тбилиси, Грузия, 28 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Футзалдан Алматының "Қайрат" командасы "Астана" кәсіптік спорт клубының қатарына енді. Енді бұл команда толығымен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорынан қаржыландырылады.

Екіжақты келісім-шарттан кейін алматылық футзал клубының атын "Астана-Қайрат" деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді команда алдағы жарыстарға осы атпен қатысады.

Келісім-шартқа қол қою сәтінен кейін команда президенті Қайрат Боранбаев: "Мақсатымыз - "Қайрат" және "Астана" атауы арқылы әлемдік аренаға шығу. Команданың атауы өзгергеніне қарамастан "Астана-Қайрат" өз ойындарын Алматыда өткізе береді" деп мәлімдеді.

"Астана-Қайрат" клубы Қазақстан чемпионатын он рет ұтқан. Клуб 2013 жылы УЕФА кубогын, 2014 жылы әлемнің Суперкубогын иеленді.

XS
SM
MD
LG