Accessibility links

Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы бүгін күрт төмендей түсті. Мәскеу қор биржасындағы таңертеңгілік саудада еуро мен доллар құны 2 рубльге қымбаттаған. Екі сағаттан соң 1 еуро бағамы 6 рубльге қымбаттап, 72 рубльге, ал 1 доллар 5 рубльге қымбаттап, 59 рубльге жетті.

Желтоқсанның 26-сында Ресей қаржы министрі Антон Силуанов "рубльдің арзандауына негіз жоқ және 2015 жылдың алғашқы тоқсанында рубль бағамы нығая түседі" деп мәлімдеген.

Ол бұған қоса министрлік "мұнайдың бір баррелінің бағасы 60 АҚШ доллары болады" және "1 АҚШ доллары 59 рубль шамасында тұрақтанады" деп есептей отырып, келер жылғы ел бюджетіне өзгерістер енгізетінін айтқан.

Желтоқсанның 16-сында Ресей орталық банкі "соңғы уақыттағы күрт артқан девальвациялық және инфляциялық қауіп-қатерді" азайту үшін пайыздық мөлшерлемені 10 пайыздан 17 пайызға дейін көтерген. Дәл сол күні Мәскеу биржасында 1 еуроның құны 100 рубльге, 1 АҚШ долларының бағасы 80 рубльге жеткен.

XS
SM
MD
LG