Accessibility links

Ресей украиналық мигрант жайлы ереже енгізбек


Украина шығысындағы қақтығыстардан босып, Ресейге барған азаматтар еңбек жәрмеңкесінде жұмыс іздеп жүр. Красноярск, қыркүйек 2014 жыл.
Украина шығысындағы қақтығыстардан босып, Ресейге барған азаматтар еңбек жәрмеңкесінде жұмыс іздеп жүр. Красноярск, қыркүйек 2014 жыл.

Ресей қаңтардың 1-інен бастап украин мигранттарын жұмысқа рұқсатпен қабылдаудың жаңа жүйесін енгізеді деп хабарлады федералдық миграция қызметінің жетекшісі Константин Ромодановский. Оның айтуынша, бұған дейін Ресейге төлқұжатпен кіріп келген Украина азаматтары енді жұмыс істеуге патентті жеке немесе заңды тұлғадан алады.

Федералдық миграция қызметі басшысының сөзінше, қазір визасыз жүрген мигранттарға Ресей территориясында алты ай мерзімінде 90 күнге дейін ғана рұқсат құжатынсыз жүруіне тыйым салатын ереже енгізілген.

Ромодановскийдің сөзінше, Ресей билігі 2014 жылы Украина шығысындағы жағдайды ескеріп, украин азаматтарына барынша "либералды қараған". Бірақ ол Ресей Украинаға қатысты виза режимін орната ма деген сұраққа жауап бермеді.

Ромодановский бұған қоса жаңа жылдан бастап Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары елге шетелге шығу төлқұжатымен ғана кіргізілетінін нақтылады.

XS
SM
MD
LG