Accessibility links

Өртенген кемеде 160 адам қалып қойған


Құтқарушылар Италияның өртенген кемесінде қалып қойған жолаушыларды шығарып әкетіп жатыр. Грекия, Корфу аралы. 28 желтоқсан 2014 жыл.

Құтқарушылар Италияның өртенген кемесінде қалып қойған жолаушыларды шығарып әкетіп жатыр. Грекия, Корфу аралы. 28 желтоқсан 2014 жыл.

Грекияның Корфу аралына жақын аймақта өртеніп жатқан Италияның Norman Atlantic жолаушылар кемесінде әлі 160-тан астам адам қамалып отыр. Associated Press агенттігінің Грекия сауда флоты министрі Милтиадис Варвициотиске сілтеме жасап хабарлауынша, бүгін таңертең кемеден 316 адам шығарылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, кемедегі өрттен бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен. Қолайсыз ауа-райы құтқару операциясына кедергі келтіріп жатыр.

Norman Atlantic кемесінің көлік тұратын бөлімінде кеше таңертең өрт басталған. Грекияның Патрас портынан Италияның Анкона портына бара жатқан кемеде 422 жолаушы мен 56 экипаж мүшесі болған.

XS
SM
MD
LG