Accessibility links

Ресей "Ислам мемлекеті" ұйымына тыйым салды


"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары, Сирия. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары, Сирия. (Көрнекі сурет).

Ресей жоғарғы соты радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы мен "Әл-Қаиданың" бір бөлімі "Жабхат әл-Нусра" ұйымын террористік деп танып, Ресей территориясында қызмет етуге тыйым салды. Сот мұндай шешімді бас прокуратураның сұрауы бойынша шығарған.

Сот шешімі бойынша, енді Ресейде аталған екі ұйымның қызметіне қатысу, оған адам тарту, насихаттау, қаржыландыру, қару-жарақ жөнелту әрекеттеріне қылмыстық жаза қарастырылған.

"Ислам мемлекеті" ұйымы биыл жазда Сирия мен Ирактың біраз бөлігін басып алып, "ислам халифатын" орнатқан. Ұйым содырлары басып алған территорияларында өздеріне бағынбағандарды аяусыз қырған. Қазір АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әуе соққыларын беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG