Accessibility links

Порошенко Украинаның бейтараптығын жоятын заңға қол қойды


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 29 желтоқсан 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 29 желтоқсан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко елдің ешқандай әскери-саяси блокқа қосылмайтын статусын жою туралы заңға қол қойды.

Порошенко Украина енді НАТО-ға кіруге өтініш беру мәселесін Солтүстік атлантикалық альянстың әскери талаптарына сай келгеннен кейін ғана қарастыратынын айтты. Оның сөзінше, Украина НАТО талаптарына бес-алты жылда дайын болуы мүмкін.

Порошенко елдің блоктан тыс статусын жою туралы заңға желтоқсанның 29-ы күні биылғы жылды қорытындылаған баспасөз жиынынан кейін қол қойған.

"Украина 2020 стратегиясы аясында бес-алты жылда бұл талаптарға дайын болған соң украиндықтар НАТО-ға мүше боламыз ба, жоқ па деген мәселені өздері шешеді" деді Порошенко.

Жаңа заң 2010 жылы бұрынғы президент Виктор Януковичтің тұсында қабылданған Украинаның қандай да бір әскери блокқа қосылуына тыйым салатын заңның күшін жояды. Украина парламенті жаңа заңды желтоқсанның 23-і күні мақұлдаған.

Порошенко сол күні "Ресейдің Украинағбасып кіруі ел тәуелсіздігіне, егемендігі мен қауіпсіздігіне және территориялық тұтастығына тиімді кепілдік берілуін қажет етеді" деген.

XS
SM
MD
LG