Accessibility links

Мәскеудегі жиынды қуып таратты


Мәскеу жиынды қуып таратты
please wait

No media source currently available

0:00 0:13:14 0:00

ВИДЕО: Мәскеудегі жиынды тарату. 30 желтоқсан, 2014 жыл.

Мәскеудің Манеж алаңындағы мыңдаған адам қатысқан рұқсат етілмеген жиынды полиция қуып таратты.

Жиналғандар оппозиционер Алексей Навальныйға кеше шығарылған айыптау үкіміне наразылығын білдірген.

Азаттықтың орыс қызметінің хабарлауынша, жүзден аса адам ұсталған. Көптеген адамдар бейбіт түрде тарқаған. Құқық қорғауышлардың хабарлауынша, алаңға ОМОН күштері келгенше 170-тен аса адам ұсталған.

Үш жарым жылға шартты түрде сотталған Алексей Навальный да ұсталғандар қатарында. Ол үйқамаққа қарамастан, Манеж алаңына баруға әрекет қылған еді.

Еуродақтың жоғары өкілі Федерик Могерини Навальныйды соттаудың "саяси астары болғанын" айтады.

Үкімі қаңтардың 15-і оқылады деп белгіленген сот желтоқсаннның 30-ында жарияланған еді. "Ив Роше" компаниясындағы "қаржылық алаяқтық ісіне" қатысты айыпталған Алексей Навальный үш жарым жыл мерзімге шартты түрде сотталып, Олег Навальныйға үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Навальныйлар үкіміне наразылық Ресейдің басқа да қалаларында болды.

XS
SM
MD
LG