Accessibility links

АҚШ Навальныйлар үкіміне алаңдаулы


Полицияның Алексей Навальныйды ұстау әрекеті. Мәскеу. 30 желтоқсан, 2014 жыл.
Полицияның Алексей Навальныйды ұстау әрекеті. Мәскеу. 30 желтоқсан, 2014 жыл.

Америка мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джефф Ратке Ресейде ағайынды Навальныйларға шығарылған үкімге алаңдаушылық білдірді.

Ол бұл туралы сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында білдірген. Ратке саяси белсенділік үшін жазалауға бағытталған сот шешімінің "дабыл қағарлықтай" екенін айтқан.

"Бұл Ресей билігінің тәуелсіз әрекеттерді тұншықтыруының өсіп келе жатқанының тағы бір дәлелі" деген мемлекеттік департамент өкілі.

30 желтоқсанда Мәскеуде "Ив Роше" компаниясындағы қаржылық алаяқтық ісіне қатысты айыпталған оппозиционер Алексей Навальный мен оның інісі Олег Навальный сотталды. Алексей Навальный үш жарым жыл мерзімге шартты түрде сотталып, ал Олег Навальный үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкімге наразы мыңдаған адам Ресейдің бірнеше қаласында жиналып, Навальныйларға қолдау білдірді. Жиынды қуып таратқан полиция арасында Алексей Навальный да бар, жүздеген адамды қамап тастады.

XS
SM
MD
LG