Accessibility links

Қазақстан Кеден одағынан сыртқа мұнай өнімін тасуға тыйым салды


Отын тиелген вагондар. (Көрнекі сурет)

Отын тиелген вагондар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан энергетика министрлігі Кеден одағының шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін әкетуге алты айға дейін тыйым салды.

31 желтоқсанда министрлік бұл мәліметті Азаттыққа растады. Министрліктің баспасөз қызметі осы шешімнің ұлттық экономика министрлігімен және қаржы министрлігімен келісіліп қабылданғанын хабарлады.

Хабарламада Кеден одағының кеден шекарасынан тыс жерлерге тасуға тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізімі берілген. Мәлімет бойынша тұрмыстық пеш отынына ғана айтылған шекарадан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынбаған.

Энергетика министрлігі салған бұл тыйым 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Желтоқсанның 30-ында жанармайдың кезекті мәрте жаңа бағасы белгіленген болатын. Дизель отынының әр литрінің бағасы – 107 теңге, АИ-80 бензині – 89 теңге, АИ 92/93 бензині 109 теңге болып белгіленді.

XS
SM
MD
LG