Accessibility links

AirAsia ұшағын іздеуге дауыл кедергі жасап тұр


Ұшақ қалдығы болу мүмкін бөлшектер. Индонезия. 30 желтоқсан, 2014 жыл.

Ұшақ қалдығы болу мүмкін бөлшектер. Индонезия. 30 желтоқсан, 2014 жыл.

Қолайсыз ауа райы малайзиялық AirAsia компаниясының жоғалған ұшағы қалдығы мен жолаушылар мәйітін іздеуге кедергі келтіріп тұр.

Судағы дауыл 28 желтоқсанда 162 жолаушысымен апатқа ұшыраған ұшақ қалдығы мен жолаушылар мәйітін іздеуге кедергі келтірген. Іздестіру шараларына ондаған кеме мен ұшақ жұмылдырылған.

Wall Street Journal басылымының жазуынша, Индонезия құтқарушылары ұшақтың қалдығы болуы мүмкін бөлшектерді тапқан.

Индонезия президенті Джоко Видодо ұшақ пен мәйіттерді іздестіруге барын салатынын айтқан.

Малайзияның Air Asia компаниясына тиесілі Airbus-320-200 жолаушылар ұшағы желтоқсанның 28-і күні таң ата Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққаннан соң, Калимантан аралы мен Белитунг аралы арасындағы Ява теңізінде радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ жоғалар алдында ғана ұшқыштың қолайсыз ауа-райында ұшақты жоғары қарай ұшыруға рұқсат сұрағаны белгілі болған.

Желтоқсанның 30-ында Индонезия құтқарушылары Борнео аралы жағалауынан алты адамның денесі мен ұшақ бөлшектері болуы мүмкін делінген заттарды судан шығарды.

XS
SM
MD
LG