Accessibility links

Құқыққорғаушылар Кетебаевты босатуға шақырды


Мұратбек Кетебаев.

Мұратбек Кетебаев.

Варшавадағы "Ашық диалог" құқық қорғау ұйымы Қазақстанның оппозициялық саясаткері, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың досы Мұратбек Кетебаевты қамағаны үшін Испания үкіметін сынады. Кетебаев Қазақстанның Интерполдан сұрауы бойынша 27 желтоқсан күні Мадридте ұсталған.

Ұйым таратқан мәліметте испан полициясының Кетебаевты ұстағанда қамауға алу ордерін көрсетпей, оның босқын мәртебесін ескермей, тек Интерпол хатына сілтегені айтылған.

"Ашық диалог" ұйымы Кетебаевтың босқын мәртебесін алудағы себептерінің "заңдылығын мойындап", оны "Қазақстандағы режим қудалаған тұлға" ретінде қарастырып, Испания үкіметін оны қамаудан босатуға шақырған.

28 желтоқсанда Мадридтегі жергілікті сот Кетебаевты экстрадициялауға қатысты мәселе қаралатын сот кезінде қамауға алуға шешім шығарған. Құқыққорғаушылардың айтуынша, Испания - Қазақстанмен арада экстрадициялау келісімін мақұлдаған Еуродақтағы бірінші ел.

Мұратбек Кетебаевтың адвокаттары 5 қаңтарға дейін оны қамауда ұстау санкциясына шағым бере алады. Қазақстан жағы да ол қамауға алынғаннан бастап 40 күн ішінде оны қайтару жөнінде толық негіздеме беруге тиіс.

Мұратбек Кетебаев 2011 жылы Мұхтар Әблязов пен оның жақын серіктерімен бірге Қазақстаннан кеткен еді. Ол 2013 жылы Польшадан босқын мәртебесін алған.

Қазақстан билігі Мұратбек Кетебаевты қудалауда саяси астар жоқ екенін айтады. Кетебаевқа қарсы Қазақстанда бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның бірі - 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына тиесілі, енді бірі 2012 жылы "Алматыда теракт ұйымдастыруға қатысты" делінген айып.

XS
SM
MD
LG