Accessibility links

1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемі көбейді


Зейнеткерлер жеңілдік беретін жол жүру билетін алу кезегінде тұр. Астана, 13 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Зейнеткерлер жеңілдік беретін жол жүру билетін алу кезегінде тұр. Астана, 13 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

1 қаңтардан бастап Қазақстан үкіметінің зейнетақы төлемін 9 пайызға арттыру жайлы қаулысы күшіне енді.

Бұған қоса ең төменгі зейнетақы көлемі де өсіп, 23 693 теңгеге (130 АҚШ доллары шамасында) жетті. Мемлекеттік негізгі зейнетақы көлемі 11 182 теңгеге дейін ұлғайды.

Былтыр күзде ел үкіметі мемлекеттік бюджетті қайта қарауды ұсынған. Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға Ресей экономикасы жағдайы да әсер ететінін айтқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджетті қайта қарау айлық пен әлеуметтік төлемдерге әсер етпесіне уәде берген.

XS
SM
MD
LG