Accessibility links

Пхеньян Сеулмен келіссөзге дайын екенін айтты


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын теледидардан сөйлеп отыр. 1 қаңтар 2015 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын теледидардан сөйлеп отыр. 1 қаңтар 2015 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын екі ел арасындағы қарым-қатынасты оңалту үшін Оңтүстік Корея басшылығымен жоғарғы деңгейге келіссөз жүргізуге әзір екенін мәлімдеді. Оңтүстік Корея ақпарат құралдары дерегінше, Ким Чен Ын мұны жаңа жылдық жолдауында айтқан.

Ким Чен Ынның мәлімдемесі Оңтүстік Корея биыл қаңтарда жоғарғы деңгейде келіссөз өткізу жайлы ұсыныс айтқан соң жарияланды.

Солтүстік Кореяға әлемді қауымдастық тарапынан қысым артып тұр. Былтыр желтоқсанда БҰҰ қауіпсіздік кеңесі ол елдегі адам құқығы сақталуы мәселесі жайлы отырыс өткізген. Ол мәселені сөз етуге Ресей мен Қытай қарсы болған.

Әлі күнге дейін сөз жүзінде соғыс жағдайында деп есептелетін екі Корея басшыларының соңғы саммиті 2007 жылы Пхеньянда болған.

XS
SM
MD
LG