Accessibility links

Қытай Шанхайдағы қайғылы оқиғаны тексере бастады


35 адам қаза тапқан маң. Шанхай, 1 қаңтар 2015 жыл.
35 адам қаза тапқан маң. Шанхай, 1 қаңтар 2015 жыл.

Қытай билігі Шанхайда жаңа жылдық мереке кезінде 35 адам қаза тауып, 43 адам жараланған оқиғаны тексере бастады.

Оқиға жаңа жылға жарты сағат қалған кезде Шанхайдағы Бунд жағалауында болған. Ол маңға жаңа жыл түні қарсаңында жүздеген мың адам жиналып, жұрт бірін-бірі басып қалған. Төтенше оқиға болған маңды полиция қоршап, жедел жәрдем көліктері келіп жатқаны жайлы суреттер жарияланды. Қаза тапқандардың көбі студенттер екенін хабарланды.

Былтыр Шанхайдағы студенттер арасында танымал жаңа жылдық лазер шоуына 300 мың адам келген. БАҚ дерегінше, қала билігі биыл адам көп жиналған соң оқыс оқиға болуы мүмкін деп қауіптеніп арнайы шоу өткізуден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG