Accessibility links

Армения ЕАЭО-ға ресми түрде кірді


Арменияның Еуразия экономикалық одағына кіруіне қарсы азамат. Ереван, 1 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Арменияның Еуразия экономикалық одағына кіруіне қарсы азамат. Ереван, 1 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Армения бүгін Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) ресми түрде кірді. Елдің одаққа қосылу туралы келісімі енді ғана күшіне енді.

ЕАЭО құрамында қазір Армениядан басқа да үш ел - Қазақстан, Ресей, Беларусь бар. Олар өз араларында тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін өтуіне мүмкіндік беруге келіскен. Бұл елдермен шектеспейтін Армения жүк өткізу үшін басқа елдермен арадағы ерекше тәртіпке сүйенеді.
ЕАЭО-ға Қырғызстан да 9 мамырдан бастап кіруге келісім жасасқан.

ЕАЭО одақ құрамындағы елдердің бірі Ресей Украинадағы оқиғаға байланысты Батыстың санкциясына ілініп, экономикасы әлсіреп бара жатқан кезде іске қосылды.

XS
SM
MD
LG