Accessibility links

Ұшақ құлаған маңнан 7 адамның сүйегі табылды


Ұшақты іздестіріп отырған индонезиялық мамандар. 28 желтоқсан 2014 жыл.
Ұшақты іздестіріп отырған индонезиялық мамандар. 28 желтоқсан 2014 жыл.

Малайзиялық Air Asia компаниясының Ява теңізіне құлаған Airbus А-320-200 ұшағы маңынан тағы жеті адамның сүйегі табылды. Осымен 17 адамның мәйіті табылып, 145 адам хабар-ошарсыз кетті.

Ұшақтың "қара жәшігін" Индонезия, Малайзия, АҚШ кемелері іздестіріп жүр. Бұған дейін ұшақ құлаған маңға француз мамандары кеткені хабарланған. Ұшақты іздеуге дауыл бөгет болған.

Airbus А-320-200 жолаушылар ұшағы желтоқсанның 28-і күні таң ата Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққаннан соң 40 минуттан кейін, Калимантан аралы мен Белитунг аралы арасындағы Ява теңізінде радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ жоғалар алдында ғана ұшқыштың қолайсыз ауа-райында ұшақты жоғары қарай ұшыруға рұқсат сұрағаны белгілі болған.

Ұшақтағы 162 адамның көбі - Индонезия азаматтары.

XS
SM
MD
LG