Accessibility links

Украин әскері мен сепаратистер бір-бірін айыптады


Украинаның шығысындағы соғыс ахуалы. 2 қаңтар 2015 жыл.
Украинаның шығысындағы соғыс ахуалы. 2 қаңтар 2015 жыл.

Донбастағы Украина әскері сепаратистердің атқылағанын хабарлады.

Елдің шығысындағы арнайы операцияның баспасөз қызметі дерегінше, мылтық пен гранатомет және минометтен 16 рет оқ атылған. Сепаратистер өткен түнде Донецк әуежайы мен Чернухино маңын да атқылаған. Миномет Старый Айдар, Золотое, Попасная елді мекендерін, Углегорск пен Чермалык маңын да атқан. Сепаратистер украин әскерінің Полтава кен орны маңындағы позицияларын, Ленинское, Еленовка мен Ольховатка елді мекендерін «Град» қондырғысымен бес рет атты деп хабарлайды УНИАН.

Ал сепаратистер украин әскерін соғысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады. Өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасы өкілінің сөзінше, украин әскері Донецк әуежайы мен Пески елді мекені жақтан минометпен атқан деп хабарлайды «Интерфакс».

Атыстан жараланған немесе қаза тапқан адамдар туралы дерек айтылған жоқ.

XS
SM
MD
LG