Accessibility links

LifeNews тілшілеріне шабуылдың күдіктісі ұсталды


LifeNews телеарнасының логотипі.

LifeNews телеарнасының логотипі.

Киевте ресейлік LifeNews телеарнасының тілшілеріне шабуыл жасағандардың бірі болуы мүмкін деген күдікті ұсталды.

Украина ішкі істер министрлігі бас басқармасы сайтының дерегінше, қақтығыста телеарна операторының камерасы зақымданып, журналистің ұялы телефонын тартып алған.

LifeNews 1 қаңтарда Киевтегі шеру кезінде журналист Жанна Карпенко мен оператор Александр Ульяновқа бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG