Accessibility links

Калачиде тағы бір адам "ұйқы дертіне" шалдықты


Калачи ауылы маңындағы бұрынғы уран кен орны. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Калачи ауылы маңындағы бұрынғы уран кен орны. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи ауылының тағы бір тұрғыны "ұйқы дерті" белгісімен ауруханаға түсті. 24.kz телеарнасының дерегінше, ол - ауырған зейнеткерлердің бірін күтіп жүрген әлеуметтік қызметкер әйел.

Бірнеше күн бұрын Калачиге Ресейден қыдырып келген 60 жастағы әйел адам да ауруханаға жеткізілген еді.

2014 жылы 20 желтоқсанда Калачиде белгісіз ауру қайта қозып, 30-дай адам ауруханаға түскен. Дәрігерлер оларға "этиологиясы белгісіз энцефалопатия" деген диагноз қойған.

Калачиде 2011 жылы бұл ауру белгісі байқалған кезде ондаған тұрғынның басы айналып, ұзақ ұйқыға кеткен. Ұйықтап тұрған адамдар баcы ауыра беретінін, халдері нашарлап кеткенін айтады.

Астанадан 500 километр жердегі бұл ауылда 600-дей тұрғын бар.

XS
SM
MD
LG