Accessibility links

Солтүстік Корея АҚШ санкциясын сынады


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын теледидардан сөйлеп отыр. 1 қаңтар 2015 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын теледидардан сөйлеп отыр. 1 қаңтар 2015 жыл.

Солтүстік Корея АҚШ-тың өзіне қарсы жаңа санкцияларын сынады.

Пхеньян Корея орталық телеграф агенттігі жексенбіде таратқан мәлімдемесінде "Ақ үй қабылдаған біржақты шаралар АҚШ-тың Солтүстік Кореяға деген жек көру мен жаулықтан алыс кетпегенін көрсетеді" делінген. Онда "АҚШ саясаты Солтүстік Кореяның өз тәуелсіздігін қорғау жайлы еркі мен шешімін нығайта түсетіні" де айтылған.

2 қаңтарда Ақ үй АҚШ президенті Барак Обаманың "арандатушылық, тұрақсыздандыру және репрессиялық әрекеттерін доғармаған", оның ішінде америкалық Sony Pictures Entertainment компаниясына хакерлік шабуыл жасаған Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салу жайлы жарлыққа қол қойғанын хабарлаған. Санкция тізіміне Солтүстік Кореядағы үш компания мен он шенеунік (кейбірі ол елдің Ресей, Иран, Сирия, Қытай мен Намибиядағы өкілі) енген.

Пхеньян хакерлік шабуылға қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG