Accessibility links

Airbus А-320-200 құлаған маңнан ірі зат табылды


Ұшақ құлаған маңда жүрген индонезиялық сүңгуірлер. Ява теңізі, 2 қаңтар 2015 жыл.
Ұшақ құлаған маңда жүрген индонезиялық сүңгуірлер. Ява теңізі, 2 қаңтар 2015 жыл.

Малайзиялық AirAsia компаниясының Airbus А-320-200 ұшағы құлаған маңнан - Ява теңізінен осымен бесінші ірі зат табылды. Индонезия іздеу-құтқару қызметінің басшысы Бамбанг Соэлистионың айтуынша, теңіз түбінде жатқан ол зат қираған ұшақтың бөлігі болуы мүмкін.

Ұшақта болған 162 адамның 31-інің мәйіті табылды. Құтқарушылар марқұмдардың көбінің сүйегі су түбіне кеткен ұшақта болуы мүмкін деп болжайды. Іздеу жұмысына қатты жел мен толқын кедергі келтіріп тұр.

Airbus А-320-200 жолаушылар ұшағы желтоқсанның 28-і күні таң ата Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққаннан соң 40 минуттан кейін, Калимантан аралы мен Белитунг аралы арасындағы Ява теңізінде радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ жоғалар алдында ғана ұшқыштың қолайсыз ауа-райында ұшақты жоғары қарай ұшыруға рұқсат сұрағаны белгілі болған.

Ұшақтағы 162 адамның көбі - Индонезия азаматтары.

XS
SM
MD
LG