Accessibility links

Луганскіде кешеден бері атыс болып жатыр


Украинаның шығысындағы әскер азаматтардың құжатын тексеріп тұр. 4 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украинаның шығысындағы әскер азаматтардың құжатын тексеріп тұр. 4 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның шығысындағы Луганск облысында украин әскері мен сепаратистер соғысып жатыр деп хабарлады жергілікті әкімшіліктің баспасөз қызметі. Облыстағы Станице елді мекенінде атыс кешеден бері тыйылмай, ол жер бірнеше рет минометтен атқыланған. Соғысқан тараптар мен жергілікті тұрғындар арасындағы адам шығын жайлы мәлімет жоқ.

Өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасының (ДХР) өкілі Дарья Морозова сепаратистердің Киевпен тағы да тұтқын алмасу жайлы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Оның сөзінше, ДХР-да 30-дай украин әскері тұтқында отыр, ал Украина әскері 200-дей сепаратисті ұстаған. Тұтқындарды қашан алмасатыны айтылмады.

Украина президенті Петр Порошенко әскери ведомство басшыларымен кездесуінде сепаратистер тұтқындаған әскерилерді неғұрлым тезірек босатуды тапсырды. Порошенконың айтуынша, сепаратистер қолында 600-дей украиналық отыр. Ол сепаратистердің арандатуына украин армиясы шешімді жауап беруі керегін де айтты.

Желтоқсанның аяғында елдің шығысындағы Донбастағы соғысушы тараптар тұтқын алмасқан. Сепаратистер 150-дей украин әскерін, ал украин билігі 200-дей сепаратисті босатқан.

XS
SM
MD
LG